Версия для слабовидящих
Обычная версия
platina_14@mail.ru
8-7213-447541

Теміртау қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «23»сәуірдегі

№ 16/2

қаулысымен бекітілген

 

 

Теміртау қаласы әкімдігі  Теміртау қаласының білім беру бөлімінің      «№14 «Қарлығаш»   бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық           қазыналық кәсіпорнының

жарғысы 

  1. Жалпы ережелер
  1. Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім беру бөлімінің «№14 «Қарлығаш» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынын  ұйымдастыру-құқықтық түрдегі заңды тұлғасы болып табылады.
  2. Кәсіпорын Теміртау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 наурыздағы «Мектепке дейінгі білім беру кәсіпорындарын құру туралы» №10/1 қаулысына сәйкес  құрылған.

3.Теміртау қаласының әкімдігі Кәсіпорынның Құрылтайшысы.

  1. Теміртау қаласының әкімдігі (бұдан әрі - Құрылтайшы) Кәсіпорынның мүлкіне қатысты мемлекеттік коммуналдық меншік субьектісі құқығын жүзеге асырады.
  2. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
  3. Кәсіпорынның толық атауы: «Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім беру бөлімінің «№14 «Қарлығаш» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
  4. Кәсіпорынның орналасқан жері: 101406, Қарағанды облысы,Теміртау қаласы, Димитров көшесі, 78/3.
  1. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі
  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады және құрылған болып есептеледі.
  2. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан    Республикасының    Мемлекеттік   елтаңбасы   бейнеленген   және

 

Кәсіпорынның атауы бар бланктері, мөрі болады.

  1. Кәсіпорын  басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның Құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  2. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен басқаша қарастырылмаған болса, тіркелген сәттен бастап жасалған деп есептеледі.
  1. Кәсіпорын қызметінің міндеті мен мақсаттары
  1. Кәсіпорын қызметі мектепке  дейінгі білім  және  тәрбие беру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып  табылады.
  2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын тәрбие, білім беру мен дамыту және медициналық бақылау бойынша, сондай-ақ, екі жастан бастап мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді күту, бағу және сауықтыру бойынша қызмет көлемін орындау болып табылады.
  3. Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;

2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар туғызу;

3) сапалы мектеп алды даярлықты қамтамасыз ету;

4) азаматтылыққа, қазақстандық отансүйгіштікке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қарым- қатынас жасау;

6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету.

  1. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ, оның міндеті мен мақсатына сай емес мәмілелерді жасауға құқылы емес.
  2. Кәсіпорынның қызмет мақсаттарына  сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының заңдарында    немесе құрылтайлық құжаттарында белгілі шек қойылған, немесе басшының жарғылық құзіретін бұза отырып жасалған  мәміле Құрылтайшының немесе Уәкілетті органның, немесе прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылады.
  3. Кәсіпорын басшысының  жарғыда көрсетілмеген қызметтерге  бағытталған іс-әрекеті  еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеледі.
  4. Кәсіпорын мемлекеттік  қызметтер стандарттары мен регламенттеріне

 

сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

  1. Кәсіпорын жүзеге асыратын  білім беру-оқу бағдарламаларының

тізбесі

  1. Кәсіпорын мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.
  2. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:

1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтырудың бірыңғай принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі білім және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді;

2) әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке тәсіл негізінде  бастауыш білім берудің оқу бағдарламасын меңгертуді  бағдар етеді;

3) оқудың, жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білімді меңгерту үшін тең бастапқы  жағдайлар туғызуды қарастырады.

  1. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балалардың өмір бойы бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік табыстылығын қамтамасыз етуге қажетті дене, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.
  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру:

1) баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толыққанды тұлғалық дамуын, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері негізінде салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруды;

2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін құруды және кешенді қолдауды;

3) тілін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамытуды, сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындауды;

4) мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын адамның позитивті мінез-құлқы, мінез-құлық нормалары мен ережелері, қазақстандық қоғамдағы халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыруды;

5) өз Отанына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған ортаға, отбасына, түрлі ұлт өкілдеріне деген  ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеуді;

6) балада қоршаған ортаның тұтас бейнесі, өзі, жақын әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыруды;

7) баланың танымын дамытуды, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды;

8) баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық еңбектерінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды;

9) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мынадай бес білім беру саласын қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

10) білім беру салаларының мазмұны ұйымдасқан оқу қимылы, балалардың өзіндік іс-әрекеті және ересек пен баланың бірлескен іс-әрекеті арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

  1. Кәсіпорынға қабылдау тәртібі, Кәсіпорынның тәрбиеленушілермен  және олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынасын ресімдеу, білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздері мен тәртібі
  1. Қабылдау Уәкілеттік  органның жолдамасы негізінде, мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы стандарттарына сәйкес  жүргізіледі.

Созылмалы  жұқпалы аурулармен, тірек-қимыл аппараты бұзылуының ауыр түрімен ауыратын және ақыл-ойы кем балалардан басқа, 2 жастан 5(6) жасқа дейінгі балалар қабылданады.

 Мекемеде түзету жұмыстары үшін жағдай жасалған болса, мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға рұқсат етіледі.

  1. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тұрақты немесе уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіліп отырылады.
  2. Балаларды қабылдау кезінде педагогтер ата-аналарды (оларды ауыстырушы тұлғаларды) Кәсіпорын Жарғысымен немесе білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.
  3. Кәсіпорын мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде құрылатын шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару тәртібі, тамақтану жиілігі, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және ұсыну мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда баланы күтіп-бағу ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де жағдайлар анықталады.
  4. Келісім-шарт құрылғаннан кейін бала Кәсіпорын белгілеген, мектепке дейінгі жалпы  білім беру бағдарламаларымен мектепке дейінгі тәрбие және білім беру, сабақ кестесіне сәйкес оқыту және күтілу құқығына ие болады.
  5. Ата – аналардан және олардың заңды өкілдерінен алынатын ай сайынғы төлемақы көлемін Құрылтайшы белгілейді.

Жалпы ата-аналар жиналысының шешімі бойынша тамаққа жұмсалатын шығын артуы мүмкін. Ата–аналар немесе олардың заңды өкілдерінің бала тамағына жұмсалатын шығындардың артуы туралы жалпы ата-аналар жиналысындағы шешімі Құрылтайшы немесе Өкілеттік орган бекіткеннен кейін енгізіледі.

  1. Кәсіпорынның негізгі құрылымдық бірлігі мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер тобы болып табылады.
 

Топтар

Жасы

1

2

3

1

Бөбектік:

бірінші кіші топ

екі жастан үш жасқа дейін

2

Мектепке дейінгі:

екінші кіші топ

орта топ

ересектер тобы

үш жастан төрт жасқа дейін

төрт жастан бес жасқа дейін

бес жастан алты жасқа дейін

  1. Топтар жастары бірдей немесе әр жасты үдеріс бойынша жинақталады.
  2. Кәсіпорын топтарының толымдылығы қолданыстағы Санитарлық ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Топтар тәрбиеленушілердің болу уақыты бойынша бөлінеді және мына тәртіпте жұмыс істейді:

1) толық күн  болу;

2) жарты күн болу.

  1. Мектепке дейінгі ұйымдағы  бала орны мына жағдайларда сақталады:

1) бала ауырғанда;

2) бала медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделгенде және сауықтырылғанда;

3) ата-анасының біреуіне немесе заңды өкілдеріне еңбек демалысы берілгенде;

4) жазғы кезеңде бала екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылғанда;

5) Ата-аналар мен Кәсіпорын әкімшілігінің келісімі бойынша.

  1. Басшы  баланы мектепке дейінгі ұйымдардан мына жағдайларда шығарады:

1) баланы мектепке дейінгі ұйымда күту үшін ай сайынғы төлемақы уақытылы төленбегенде (төлемақыны белгіленген мерзімнен күнтізбелік 15 күннен астам уақытқа кешіктіру);

2) бала бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей келмегенде;

3) дәрігерлік бақылау комиссиясының анықтамасы негізінде баланың болуына кедергі болатын медициналық қарсы көрсеткіштері болғанда.

  1. Кәсіпорындағы білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен, білім беру мекемелерінің типтік ережелерімен анықталады.
  2. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері осы Жарғымен және ережелермен реттеледі.
  3. Кәсіпорын білім алушылары құқылы:

1) мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес тегін білім алуға;

2) адами ар-намысын, ар-ұят пен ақпарат бостандығын құрметтеуге, өз пікірі мен қызығушылықтарын еркін айта білуге;

3) ар-намысын, еркіндігін, өз денсаулығын қорғауға.

  1. Кәсіпорындағы тәртіп тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдері) және педагогтердің адами ар-намысын құрметтеуі негізінде сақталады. Тәрбиеленушілерге дене және психикалық жәбірлеу әдістерін қолдануға жол берілмейді.
  2. Ата-аналары (заңды өкілдері) құқылы:

1)  балаларының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға;

2) ата-аналар комитеттері арқылы Кәсіпорынды басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) өз балаларының оқу үлгерімі және мінез-құлқына қатысты ақпарат алуға;

4) тәрбиеленушілермен жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;

5) балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша Кәсіпорын педагогтері мен психолог қызметкерлерінен кеңес алуға.

  1. Ата-аналар (заңды өкілдері) міндетті:

1) Жарғы мен ішкі тәртібі ережелерінің өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты бөліктерін орындауға;

2) тәрбиелеу, оқыту үшін жауапты және балаларға білім алуға қажетті жағдайлар туғызуға;

3) ата-аналар жиналысына қатысуға, қажетті жағдайда әкімшіліктің немесе мұғалімдердің шақыртуымен оқу-тәрбие үдерісі бойынша жеке әңгімелесуге және нақты педагогикалық көмек алу үшін Кәсіпорынға келуге;

4) тәрбиеленушілердің қатысын қамтамасыз етуге;

5) Олардың балаларының Кәсіпорынға тигізген материалдық зияндар орнын заңнама белгілеген тәртіпте толтыруға.

  1. Білім беру үдерісін ұйымдастыру тәртібі
  1. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие-білім беру үдерісі мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген бағдарламаларға және оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жарғысымен айқындалады.
  2. Тәрбие-білім беру үдерісінің негізгі қатысушылары балалар, ата-аналар немесе заңды өкілдер, педагогикалық қызметкерлер болып табылады.
  3. Оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес  әр жас деңгейі үшін қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
  4. Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық қызметпен айналысуға білімі және біліктілігіне сәйкес деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттармен расталған педагогикалық білімі бар  (техникалық  және  кәсіптік,

 

жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі) адамдар жіберіледі.

  1. Сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған, сондай-ақ өтелмеген немесе сотталғандығы заңда белгіленген тәртіпте алынбаған тұлғалар педагогикалық қызметке жіберілмейді.
  2. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі мен ұйымдасқан оқу еңбегінің ұзақтығы бала денсаулығы мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі.
  3. Әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шегі типтік оқу жоспарында белгіленген.
  4. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі, қаржыландырылуына байланысты:

балалардың  күніне  9; 10,5; 12  немесе 24 сағат болуымен бес күндік жұмыс аптасы.

  1. Кәсіпорын қамтамасыз етеді:

1) балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды;

2) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін бағдарламаларының толық көлемде жүзеге асуын;

3) педагогикалық үдерісті ұйымдастыру түрлері, әдістері мен тәсілдерінің  балалардың психофизиологиялық, жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне, қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.

  1. Кәсіпорын балаларды: алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем беретін аумақтық медициналық ұйымдармен бірлесіп, мектепке дейінгі ұйымның штатына енетін медициналық қызметкерлер жүзеге асыратын ағымдық медициналық бақылауды, иммундауды және профилактикалық тексерулер ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  2. Кәсіпорын тәрбиеленушілерді 3 мезгіл (таңертеңгі ас,түскі ас, бесін ас) қалыпты тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Балаларды тамақтандыру жас ерекшеліктерін, жұмыс тәртібін ескере отырып жүргізіледі.
  3. Кәсіпорын педагогтері тиімді тәрбие-білім беру үдерісін қамтамасыз ету мақсатында балама авторлық бағдарламаларды өзі таңдайды және қолданады, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты сақталған кезде тәрбиелеу, оқыту және сауықтырудың жаңа технологияларын енгізеді.
  4. Кәсіпорын  тәрбиеленушісінің, ата-аналары мен қызметкерлерінің қарым-қатынасы тәрбие-білім беру үдерісіне қатысушылардың ынтымақтастығы, өзара сыйластығы негізінде және жеке ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушіге даму еркіндігін ұсынуды ескере отырып, құрылады.
  5. Жасына қарай келесі топқа ауыстыру кезінде тестілеу өткізілмейді.
  6. Кәсіпорын түлектерінің модулі:

1) дене тұлғасы дамыған;

2) білуге құштар;

3) белсенді;

4) эмоционалды елгезек;

5) ересектермен  және  өз  құрдастарымен  өзара  іс-қимыл  мен  қарым-

 

қатынас жасаудың әдістері мен тәсілдерін меңгерген;

6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;

7) мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды меңгерген.

  1. Ақылы білім беру қызметін ұсыну тәртібі мен тізбесі

 

  1. Кәсіпорын, мектепке дейінгі ұйым басшысы белгілеген тәртіпте, білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетеді.
  2. Ата-аналар мен ақылы білім беру қызметін көрсететін мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынас келісім арқылы реттеледі.
  3. Ақылы білім беру қызметтері Кәсіпорынның негізгі білім беру қызметінің орнына ұсынылмайды.
  4. Бос орындар мен алаңдар болғанда бала күтімі үшін толық төленуімен ата-ана қаржысы есебінен  коммерциялық топтар құрылуы мүмкін.
  5. Кәсіпорын өзінің жарғылық міндеттеріне, бөбекжай мүмкіндіктеріне, отбасы талаптарына  сәйкес келесі қосымша ақылы білім беру қызметтерін жүзеге асырады:

1)           шетел тілін оқыту;

2)           компьютерлік- ойындық кешен;

3)           бейнелеу өнеріне үйрету;

4)           хореография;

5)           театрлық өнер;

6)           музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету;

7)           ән айту;

8)           сауықтыру сипатындағы қызметтері;

9)           спорт секцияларының қызметі;

10)      кешкі уақыттағы және мереке, демалыс  күндеріндегі коммерциялық топтар.

  1. Кәсіпорынды басқару
  1. Құрылтайшы:

1) Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорын Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе коммуналдық мүлікке билік етуге өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға өкілеттік береді;

3) Кәсіпорын бюджетінен қаржыландырылатын басты қызмет бағыттарын және міндетті жұмыстар (қызметтер) көлемін анықтайды;

4) Кәсіпорынның  даму  жоспарларын  және оларды орындау жөніндегі

 

есептерді қарап, келісім береді және бекітеді;

5) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуына талдауды және  бақылауды жүзеге асырады;

6) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

7) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

8) Кәсіпорын мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға беруге, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

9) Кәсіпорын мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

10) Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

11) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Өкілетті орган:

1)       Кәсіпорын  қызметінің басты   бағыттарын анықтайды;

2)       Лауазымдық қызметке (конкурс нәтижесі бойынша), оның ішінде Қорғаншылық кеңесі ұсынысы бойынша, кәсіпорын басшысын тағайындайды және босатады.

Кәсіпорын басшының бос лауазымы болғанды, сондай-ақ әр бес жыл өткен сайын осы лауазымда жұмыс істеп жатқан басшысы болғанда конкурс  жүргізіледі.

Жұмыс істеп жатқан Кәсіпорын басшысы Конкурсқа қатысқан кезде, ол атқарған лауазымда (5 жыл) өткеннен кейін осы Конкурсқа қатысушы жұмысының нәтижелері оң болғанда лауазымын қайта жалғастыруға басымдылық беріледі.

3)      Кәсіпорын басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын, әдіскерін) жыл сайын қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;

4)      мемлекеттік  Кәсіпорын  мүлкін сақтау  мен  белгілі мақсатта  пайдалануға бақылауды  жүзеге  асырады;

5)      Кәсіпорынның басқару органдарының құрылымы, қалыптасу тәртібі және өкілеттік мерзімін, мемлекеттік кәсіпорынның шешім қабылдау тәртібін анықтайды;

6)      Кәсіпорын басшысының  құқығын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны  лауазымдық қызметінен  босату  негіздерін анықтайды;

7)      Кәсіпорынның штаттық құрамы мен  құрылымын  бекітеді;

8)       Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

9)       Кәсіпорын үшін  орталықтандырылған  мемлекеттік  тауар  сатып  алу   қызметін  жүзеге  асырады;

10)  Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады және тапсырмалар береді;

11)  Қазақстан   Республикасының   «Білім  туралы» заңы, «Мемлекеттік

 

кәсіпорын  туралы» және  Қазақстан  Республикасының басқа да  нормативтік-  құқықтық  актілері құзырына жататын басқа мәселелер  бойынша  шешім  қабылдайды.

  1. Кәсіпорын басшысы оның органы болып табылады.
  2. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды ескермегенде, Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте жүзеге асырылады.
  3. Өкілетті орган заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы ретінде Кәсіпорын басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес 5 жыл мерзімге еңбек келісім-шартын құру арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігін уақытылы аудармағаны үшін Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі анықталады.

  1. Кәсіпорын басшысына Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыру үшін жеке жауапкершілік жүктеледі.
  2. Басшы дара басшылық ету ұстанымында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен анықталатын өз құзыретіне сәйкес, дербес шешеді.
  3. Басшы:

1)   Кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етеді және барлық органдарда оның мүдделерін қорғайды;

2)   Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорын мүлкіне иелік етеді;

3)   шарттар құрады және өзге де мәмілелер жасайды;

4)   сенімхаттар береді;

5)   банктік есепшоттар ашады;

6)   Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7)   Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес  Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек келісім-шартын бұзады, ынталандыру шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе, оларға жазалау қолданылады;

8)   белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде  Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін төлеу түрін, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылар мөлшерлерін, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы беру жүйесін бекітеді;

9)   Кәсіпорынның басшы қызметкерлерінің құзырлығын анықтайды;

10) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына және санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие-білім  беру  үдерісін  жүзеге  асыру

 

үшін жағдайлар жасайды;

11) балалар мүдделерін, отбасы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қосымша қызметтерді ұйымдастырады;

12) баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау кезінде ата-аналарды немесе заңды өкілдерін жарғымен, қабылдау тәртібі мен тәрбие беру, оқыту үдерістерін және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қабылдау тәртібін реттейтін құжаттармен таныстырады, ата-аналармен немесе заңды өкілдермен шарт жасасады;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Кәсіпорын басшысына жауапкершілік жүктеледі:

1) тәрбиеленушілердің, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны үшін;

2) оның құзырлығына жататын функцияларды орындамағаны үшін;

3) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарын бұзғаны үшін;

4) оқу-тәрбие үдерісі кезінде тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің өмірі және денсаулығын қорғау үшін;

5) қаржы-шаруашылық қызметінің ахуалы, оның ішінде материалдық және қаржы құралдарын мақсатты пайдаланбағаны үшін;

6) нормативтік-құқықтық актілер мен еңбек келісім-шартында қарастырылған талаптардың өзге де бұзылуы.

  1. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысы заңды тұлғаның уәкілетті органы немесе заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің, немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның (органның) рұқсатымен ғана басқа ұйымдардағы төленетін лауазымдарды атқара алады.

Басшы мен әдіскер Кәсіпорындағы өзге де төленетін лауазымдық жұмысты атқара алмайды.

Басшы мен әдіскердің оқу жүктемесінің көлемі апталық нормативті оқу жүктемесінің жартысынан аспауы тиіс.

  1. Қолданыстағы заңнамаға және осы  Жарғыға  сәйкес өз қызметтерін  жүзеге  асыратын Қорғаншылық  кеңес пен  Педагогикалық  кеңес Кәсіпорынның  алқалық басқару түрі болып табылады.
  2. Кәсіпорын қызметіне әдістемелік басшылықты құрамына оқытушылар, басшы және оның орынбасарлары енетін педагогикалық кеңес жүзеге асырады.
  3. Педагогикалық кеңес құзырына жатады:

1) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту;

2) педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын анықтау;

3) Кәсіпорынның педагогикалық құрамының біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру;

4) олардың шығармашылық бастамасын дамыту;

5) озық тәжірибені тарату;

6) педагогикалық және басқа қызметкерлерді әртүрлі ынталандыру түрлеріне ұсыну.

  1. Қорғаншылық кеңес  Кәсіпорын мен оның басшысы қызметіне  бақылау  жасайды, білім үдерісіне қатысушылар арасындағы даулы  жағдайларды  қарастырады, типтік  ережелерге  сәйкес  әрекет жасайды.
  2.  Ата – аналар  комитеті:

1)           мемлекеттік  Кәсіпорынның басқару  Органының  жұмыстарына  қатысады;

2)           өз  отырыстарында  оқу – тәрбие  үдерісі  жағдайын,  балалар  тәрбиесі мен дайындық  деңгейін  талқылайды;

3)           жекелеген даулы жағдайларды талқылай алады.

  1. Кәсіпорында басшы бұйрығымен:

1) педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды;

2) білім мен ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттауды жүргізетін аттестаттау комиссиялары құрылады. 

  1. Кәсіпорын мүлкі
  1. Кәсіпорын мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорын активтері құрайды.
  2. Кәсіпорын мүлкі бөлінбейді және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөліске түспейді.
  3. Кәсіпорын мүлкі:

1)   оған меншік иесі берген мүлік есебінен;

2)   өз еңбегі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай табыстарды қосқанда) есебінен;

3)   Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздері есебінен қалыптастырылады.

  1. Кәсіпорын есебінде тек оның жарғылық мақсаттарында қарастырылған қызметті қамтамасыз етуге қажетті, немесе осы қызмет өнімі болып табылатын мүлкі ғана бола алады.
  2. Жедел басқару құқығына ие болу және оны тоқтату,  егер басқасы осы Жарғыда көзделмеген болса немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу және оны тоқтату үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қарастырылған талаптар мен тәртіптерде жүзеге асырылады.
  3. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудан алынатын жемістер, өнімдер және кірістер, сондай-ақ, Кәсіпорынның шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген меншік құқығын алу тәртібінде Кәсіпорынның жедел басқаруына

 

түседі.

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікті жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдағанда Кәсіпорын мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
  2. Кәсіпорын негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
  3. Кәсіпорынның мүлікті жедел басқару құқығы, меншік құқығын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында қаралған негіздер мен тәртіпте, сондай-ақ осы Жарғының  86- тармағында қаралған жағдайларда тоқтатылады.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ҚұрылтайшыКәсіпорынға жедел басқару құқығымен бекітілген мүлікті алып қоюға немесе олар құрған өзге де заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы. 
  5. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде Құрылтайшы Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстауын және сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін белгілейді.
  6. Кәсіпорын осы Жарғының 84-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек Құрылтайшының жазбаша келісімімен ғана негізгі құралдарға жататын, өзіне бекітілген мүлікті беруге және дебиторлық қарызын жоюға  құқылы.
  7. Кәсіпорын жедел басқару құқығымен  өзіне бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
  1. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру
  1. Кәсіпорын қызметі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында анықталған тәртіпте алынған бюджет қаржысы мен өз табысы есебінен  даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
  2. Кәсіпорын жүзеге асыратын және көрсететін қызметтер бағаларын  Құрылтайшы немесе Уәкілетті орган анықтайды.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорын Жарғысында қарастырылмаған қызметтен, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде енген кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртіпте бюджетке алып қоюға жатқызылады. Бухгалтерлік есеп ережелері бойынша мүлікті тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатқызылады.
  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін меншік иесінен басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.
  1. Кәсіпорынның есепке алуы мен есеп беруі
  1. Кәсіпорынның бухгалтер есебін жүргізу және қаржылық есеп беруін құрастыру Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңнамасына және ұлттық қаржы стандарттарына сәйкес Құрылтайшымен (Уәкілетті орган) келісімі бойынша Кәсіпорын басшысы бекіткен есепке алу саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі-бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар, қаржы құралдарының  қозғалысы,  капиталдағы өзгерістер туралы есеп беруді, түсіндірме жазбаны қамтиды.
  1. Кәсіпорын  жауапкершілігі
  1. Кәсіпорынға міндеттемелері бойынша өз билігіндегі қаржы үшін жауапкершілік жүктеледі. Қаржы жетіспегенде оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілік Құрылтайшыға жүктеледі.
  1. Еңбек ұжымымен өзара қатынас
  1. Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағатты құрайды.

Оқу-тәрбие үдерісін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлердің айлық жалақысын есептеу үшін қалыпты оқу жүктемесі аптасына 24 сағат болып белгіленген.

  1. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.

Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

  1. Негізгі жұмыс орны Кәсіпорын болып табылатын тұлғалар еңбек ұжымының мүшелері (басшы және оның қызметкерлері)  бола алады.
  2. Біліктілік талаптарына сай келетін кез-келген азамат Кәсіпорын қызметкері бола алады.

Заңды күшіне енген медициналық қорытынды және сот үкімімен педагогикалық қызмет істеуге тиым салынған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған шектеулер қолданылатын тұлғалар білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге жіберілмейді.     

  1. Кәсіпорын басшысы мен оның қызметкерлері  арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорын қызметкерлері құқылы:

1)   кәсіби қызметі үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілуге;

2) атқаратын қызметі мен мамандығына сәйкес Кәсіпорын еңбегіне қатысуға;

3)   ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-сынақтық жұмыстармен айналысуға, педагогикалық тәжірибеде жаңа әдістер мен технологиялар енгізуге;

4)   жеке педагогикалық қызметке және педагогикалық қызметті ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін еркін таңдауға;

5)   бес жылда бір рет өз есебінен еңбек ақысы сақталмайтын ұзақтығы төрт айдан аспайтын уақытта біліктілігін көтеруге (оқытудың сыртқы және күндізгі түрі);

6)   біліктілігін көтеру, қызметтік өсу, шығармашылық жоспарларын қорғау және жариялау мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

7)   педагогикалық қызметіндегі жетістіктері үшін марапаттау, құрметті атақтармен, белгілермен және мақтау қағаздарымен марапатталуға, моральдық және материалдық көтермелеуге;

8)   ғылыми жұмыспен айналысу үшін педагогикалық өтілі сақталатын шығармашылық демалысқа;

9) біліктілік санатына және штаттық кестеге сәйкес кепілдендірілген еңбекақыға;

10) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, сондай-ақ, басқа да нормативтік-құқықты актілермен реттелетін басқа құқықтарды жүзеге асыруға;

  1. Кәсіпорын қызметкерлері міндетті:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмесе, осы Жарғыны сақтауға, басшы нұсқауларын орындауға;

2) Кәсіпорынның ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтауға және лауазымдық міндеттерін орындауға;

3) өз кәсіби құзырлығы шеңберінде оқытудың теориялық және практикалық білім мен білік дағдыларын меңгеруге;

4) тәрбиеленушілерді жоғары адамгершілік рухында, ата-анаға құрмет көрсетуге, этномәдениеттік құндылықтарға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеуге;

5) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыреттіліктерін, өз бетінше жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

6) өзінің кәсіби, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға;

7) бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуге;

8) педагогикалық этика нормаларын сақтауға;

9) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының ары мен намысын құрметтеу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртіпте өз қызметін орындау үшін жеке жауапкершілік жүктелуге.

  1. Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу
  1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын  Құрылтайшы (Уәкілетті орган) анықтайды.
  2. Еңбекақы төлеу түрлері, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылар мөлшерін, сыйлықақы және өзге сыйақы беру жүйесін еңбекті төлеу қорының белгіленген шегінде Кәсіпорын дербес белгілейді.
  3. Кәсіпорын басшысының лауазымдық айлықақысы мөлшерін, оған сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін Құрылтайшы (Уәкілетті орган) белгілейді.
  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Құрылтайшы шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды Құрылтайшы жүзеге асырады.
  2. Таратылған Кәсіпорын мүлкін несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін, Құрылтайшы қайта бөледі.

Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін,  таратылған Кәсіпорын қаржысы, Кәсіпорын мүлкін сату нәтижесінде алынған қаржыны қоса алғанда, Теміртау қаласы бюджетінін табысына енгізіледі.

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
  1. Кәсіпорын Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды Құрылтайшы енгізеді.

© 2025. КГКП «Ясли-сад «Қарлығаш» акимата города Темиртау