Балаларды қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына қабылдау келесі кесте бойынша жүзеге асырылатын болады:
Қабылдау үшін қолжетімділікті ашу күні |
Жас санаты |
Балалардың туылған жылы |
2022 жылғы 6 маусым |
орта жас тобы (3 жастан бастап) |
2018 жылғы 1 қыркүйектен 2019 жылғы 31 тамызға дейін |
2022 жылғы 13 маусым |
ересектер тобы (4 жастан бастап) |
2017 жылғы 1 қыркүйектен 2018 жылғы 31 тамызға дейін |
2022 жылғы 20 маусым |
мектеп алды тобы (5 жастан бастап) |
2016 жылғы 1 қыркүйектен 2017 жылғы 31 тамызға дейін |
2022 жылғы 20 маусым |
Кіші жас тобы (2 жастан бастап) |
2019 жылғы 1 қыркүйектен 2020 жылғы 31 тамызға дейін |
Бұл қызмет түрі мектепке дейінгі жастағы баланың ата-анасының бірімен (заңды өкілімен), Internet жүйесіне қол жетімді, https://indigo.ootemirtau.e-orda.kz/ru/ электрондық порталында тіркелген бір құрылғыдан жеке кабинетке кіру арқылы жүзеге асырылады. Интернет болмаған жағдайда- мектепке дейінгі ұйымға жүгініп, және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалануға болады.
Білім бөлімі келесі күні қандай мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар пайда болатынын білу үшін күн сайын (сағат 18.00-ден кейін) белгілі бір күнге босаған орындардың толық тізбесін көрсететін «Бос орындар» бюллетенін қарауды ұсынады.
Қайта шығарылған орындарға жолдамаларды алу таңғы 7:00ден бастап қол жетімді болады, келесі күндері сол орындарға жолдаманы тәуліктің кез келген уақытында алуға болады. Бұл ретте, үш жұмыс күнінің ішінде орын алу үшін басым қолжетімділікке осы күні қанша бос орын шығарылған болса, сонша бала ие болады. Егер, басым қолжетімділік үшін бөлінген уақыт өткеннен кейін де бос орындар болса, кезекті басқару жүйесі осындай орындарға тиісті кезектегі барлық өтініш берушілер үшін қолжетімділікті ашады (кезекте тұрған реттілікті есепке алмай, барлығына бір мезетте ашылады).